қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.10.2022

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде зерттеуші профессордың бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті профессор-зерттеуші 1 бос лауазымдарына оқытушылық және ғылыми қызметті жүргізу үшін толық штат бірлігіне конкурс өткізу туралы хабарлайды.

 

Конкурсқа қатысу үшін өтінім мыналарды қамтиды: конкурсқа қатысуға өтінім, резюме, ғылыми-зерттеу жобасына өтінім, үміткерлерге жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттама портфолио (дәйексөз базасынан алынған скрин-шоттар, шетелдік басылымдардағы жарияланымдардың көшірмелері және т.б.), ғылыми дәреже, PhD дәрежесін алуды, ғылыми атақ беруді растайтын құжаттар, ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі, үміткердің біліктілігін растайтын қосымша құжаттар, ұсыным хаттар, алдыңғы жұмыс орындарынан мінездемелер.

 

Конкурстық өтінімдер 2022 жылдың 21 қазанына дейін Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаментіне беріледі, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30, каб. № 209,203-а. Жауапты тұлға: Ғылым департаментінің директоры Ұ.М. Әбдіғапбарова.

 

Профессор-зерттеуші лауазымы туралы Ережемен Абай атындағы ҚазҰПУ сайтында танысуға болады: https://abaiuniversity.edu.kz/