қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.10.2022

«Менің арманымдағы - Қазақстан» тақырыбындағы студенттер арасындағы эссе жазу байқауы

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Менің арманымдағы - Қазақстан» тақырыбында студенттер арасында эссе жазу байқауы өтеді.

 

Эссе байқауының мақсаты - жастардың ел тарихын құрметтей отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тәуелсіздік пен мемлекеттігімізді одан әрі нығайту жолында елге деген азаматтық жауапкершіліктері мен патриоттық сезімдерін арттыру.

 

Байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылған эсселер ұсынылады.

 

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

 

Байқауға университет көлемінде барлық студенттер қатысу мүмкіндігіне ие! Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау үшін арнайы комиссия мүшелері бекітілді.

 

Байқау материалдары 2022 жылдың 17 қазан күні сағат 12:00 дейін gulden.zhasharalina@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады.


Эссе жұмысы 17-18 қазан күндері арнайы Бұйрық бойынша құрылған комиссия мүшелерінің тексеруімен сараптамадан өтеді.


19 қазан күні байқау қорытындысы мен марапаттау рәсімі Достық, 13 бас оқу ғимаратының 320 кабинетінде өткізіледі. Марапаттау рәсіміне байқауға қатысқан барлық студенттер шақырылады.

Байқау жеңімпаздары - І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар мен ақшалай сыйақылармен марапатталады. Жалпы жүлде қоры 450 000 теңге.

 

3 тілдегі эссе байқауының нәтижесінде:

І орын - 70 000 тг

ІІ орын - 50 000 тг

ІІІ орын - 30 000 тг

(Бұл ақшалай сыйлықтармен 3 тілде жеке-жеке марапатталады)

 

Байланыс телефоны: 87470316922 Жашаралина Гүлден

 

Мекенжайы: Бас оқу ғимараты, 313 кабинет