қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.10.2022

«Жаңа Қазақстанның жаңа келбеті: әлеуметтік бірлік және жаңғыру» тақырыбында мәжіліс өтеді

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедраларының бірлескен мәжілісі өтеді. Аталған мерекелік мәжіліс Республика күніне орай қалалық деңгейде өткізіледі.

 

Мақсаты - қазіргі Қазақстан қоғамындағы саяси-әлеуметтік өзгерістерге мән беріп, нақты көріністерін талқылау. Қоғам жаңғыруының жаңа келбетіндегі мазмұнын айқындай түсу.

 

Кафедра мәжілісін құттықтау сөзбен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов ашады. Негізгі баяндаманы ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының кеңесшісі, саяси ғылымдар докторы, профессор - Сайын Борбасов жасайды. Мәжіліс модераторы: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі - Гүлжиһан Шаһарман.

 

Сөз сөйлейтіндер: саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі - Жомарт Симтиков, Алматы қаласы ҚХА ғылыми сараптама тобы төрағасының орынбасары - Светлана Ананьева, Қырым татарларының «Ватандаш» мәдени орталығының төрағасы, Алматы қаласы ҚХА-ның ғылыми-сраптамалық тобының мүшесі, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры, Алматы қаласы ҚХА қоғамдық келісім Кеңесінің мүшесі - Сеит Бабалиев, Алматы қалалық «Ассамблея жастары» Республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы - Анна Торосян, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің биылғы түлегі, мектеп мұғалімі Студенттік «Бірлік» Ассамблеясының мүшесі - Айгүл Яркул.

 

Жұмыс тілі: Қазақ, орыс тілдерінде.

 

Өтетін күні: 21.10.2022

 

Уақыты: 11.00

 

Өтетін орны: Бас оқу ғимараты, 320 конференц-зал

 

Байланыс телефоны: 87470316922 Жашаралина Гүлден

 

Мекенжайы: Бас оқу ғимараты, 313 кабинет