қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
17.10.2022

«Эмоционалдық интеллект: мәселелер мен олардың шешімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

 

2022 жылғы 20 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология институты шетел тілдері кафедрасының оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған «Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің шет тілдік қатынас арқылы эмоционалдық интеллектін дамыту» тақырыбындағы жоба аясында «Эмоционалдық интеллект: мәселелер мен олардың шешімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.


Жоба жетекшісі - бас ғылыми қызметкер, PhD, аға оқытушы Тілеубай С.Т.

 

Зерттеу тобының мүшелері:

Аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы, магистр Жауыншиева Ж.Б.;

Аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы, магистр Есімкулова С.С.;

Кіші ғылыми қызметкер, аға оқытушы, магистр Оралканова Ж.А.

 

Арнайы шақырылған психологтар:

Ткаченко Наталья - психолог, гештальт-терапевт, Орталық Азияның кәсіби гештальт қоғамдастығының мүшесі. МГИ түлегі, гештальттық тәсілдегі жарақатпен жұмыс.

Жұмағалиева Роза - психолог, гештальт-терапевт. МГИ түлегі, балалармен және жасөспірімдермен жұмыс. Жарақатпен жұмыс.

 

Өтетін орны: Жамбыл көшесі, 25, 45 кабинет

 

Уақыты: 20.10.2022, 11:00