қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
03.11.2022

Құрметті студенттер!

 

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрінде Еуропалық университеттерге оқуға бакалавриаттың 2-3 курс студенттерін қабылдау жарияланды.

 

Осыған байланысты «Сыртқы академиялық ұтқырлық» бағдарламасына қатысуға ниет білдірген барлық студенттер 2022 жылдың 14 қарашасына дейін Академиялық ұтқырлық бөліміне (Достық даңғылы 13, 300 кабинет) қажетті құжаттарды тапсыруы қажет.

 

- IELTS сертификаты (деңгей 5,5 төмен емес), TOEFL (деңгей В2 төмен емес) немесе Duolingo (деңгей 105 төмен емес);

- Паспорт;

- Транскрипт;

- Мотивациялық хат.

 

Қаржыландыру шарттары:

 

- Барып-қайту әуе билеті - университет есебінен;

- Шетел университетінде білім алу - тегін;

- Басқа шығындар (тұру, виза, медициналық сақтандыру, тамақ және т.б.) - студенттердің есебінен.

 

2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрінде Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерін қабылдауға дайын шетелдік жоғары оқу орындары:

 

- Адам Мицкевич университеті (Польша) - 10 студент;

- Миколас Ромирис университеті (Литва) - 3 студент.