қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.11.2022

Ғылыми-әдістемелік семинар өтеді

 

2022 жылдың 16 қараша күні сағат 10.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ әдебиетін оқыту: тарихы, бүгіні, болашағы» (ЖТН AP15473235) 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» гранттық жобасы аясында өтетін «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ әдебиеті пәнінің оқытылу жай-күйі» ғылыми-әдістемелік семинары өтеді.


Ғылыми-әдістемелік семинардың мақсаты - Қазақ тілінде оқытпайтын мектепдердегі қазақ әдебиеті пәнінің қазіргі таңда оқытылуын орта мектеп мұғалімдерімен талқылау. Қазақ әдебиеті пәнін өзге тілді сыныптарда оқытудағы қиындықтарды, артықшылықтарды, тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау.


Өтетін орны: 412-дәрісхана, Достық, 13

Байланыс нөмірі: 8 705 116 93 97

 

БАҒДАРЛАМА

 

Саметова Жаңагүл Шыңғысханқызы

Модератор, жоба жетекшісі, PhD доктор

Әбішева Сәуле Жүнісқызы

Кіріспе сөз. Жобаның ғылыми кеңесшісі, ф.ғ.д., профессор

 

Баяндамашылар:

Назарова Алия Жиханшиевна, Алматы қаласы М.Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулығының мәселелері (7-сынып бойыша)"

Бакаева Эльмира Толеуовна, Алматы қаласы №70 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

«Орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы қиындықтар»

Аймаков Бекзат Еркінұлы,

Алматы қаласы

70 ЖББМ педагог-модератор

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті қалай оқытылуда?»

Рсалиева Жанара Утепбергенкызы, Алматы қаласы  №20 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

"Қазіргі қазақ әдебиеті пәнінің өзекті мәселелері"

Досалы Қуаныш Ерденқызы,

Алматы қаласы №70 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ әліпбиін үйретуде қолданылатын әдіс-тәсілдер»

 

Сұрақ-жауап. Ойбөліс

 



136

Кері оралу