қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
17.11.2022

«Теориядан практикаға..» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

 

2022 жылдың 18 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының шетел тілдері кафедрасында «7М01703 - Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2-ші курс магистранттарының педагогикалық практика қорытындысы бойынша «Теориядан практикаға..» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.


Кафедраның барлық мамандықтарының магистранттары есеп беру презентацияларын дайындап, онда өз жұмысының нәтижелері: практиканың мақсаттары мен міндеттері қалай орындалды, қандай сабақтар өткізілді, бакалавриат студенттері үшін тәрбиелік іс-шараны өткізу кезінде не қызықты болғаны жайлы көрсетеді. Магистранттар өткізілген сабақтардағы өз жұмыстарының әдістемелік тәсілдері, педагогикалық тәжірибенің әсерлері мен эмоциялық тәжірибелерімен бөлісіп, ақпарат алмасады.


Шақырылған қонақтар: магистранттардың ғылыми жетекшілері мен 2-ші курс магистранттары.

 

Дөңгелек үстел ұйымдастырушысы - шетел тілі кафедрасының оқытушысы Закирова М.Е.


Шақырылған қонақтар - Филология институтының директоры Алуа Таңжарықова, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Алмас Найманбаев, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі Гулдана Сейдалиева және шетел тілдері кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы.


Өтетін орны: Жамбыл к., 25


Өтетін уақыты: 18.11.2022, 15:00

 

 

 



62

Кері оралу