қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
01.12.2022

Ақпарат шындыққа жанаспайды

 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Университет) Instagram әлеуметтік желісі арқылы advokat.v.zakone ((https://www.instagram.com/reel/ClnSRUOIWra/?igshid=ZmVmZTY5ZGE%3D) парақшасында жарияланған жазба бойынша Университеттің әкімшілік және қаржы қызметі жөніндегі проректоры К.Т. Исаковаға қатысты келесіні хабарлайды.

 

Instagram парақшасындағы жазбада Университеттің беделіне және Клара Исакованың ар-намысына, абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, шындыққа жанаспайтын мәліметтер көрсетілген.

 

Жалпы ереже бойынша жарияланымда көрсетілген материалдық емес жеке игіліктерге қол сұғушылық бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілік үш шарттың бір мезгілде болуымен туындайды - мәліметтерді тарату фактісі; бұл мәліметтердің зиянды сипаты және шындыққа сәйкес келмеуі. Осыған байланысты заңсыз құқық бұзушылықтың салдарынан қазіргі уақытта университетте жоғарыда аталған парақшадағы жазбада жарияланған ақпаратты теріске шығару туралы азаматтық талап-арыз дайындалуда.

 

2022 жылғы 22 маусымнан бастап 2022 жылғы 14 қарашаға дейін Университеттің №1 оқу ғимаратында «Сұңқар» ЖШС жүргізген жөндеу жұмыстарына, жалпы құрылыс жұмыстарына қатысты келесіні хабарлаймыз.

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес, 2022 жылғы 4 мамырда мемлекеттік сатып алу порталы арқылы Университеттің №1 оқу ғимаратының ішінде жөндеу жұмыстарын, жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізу қызметін сатып алу бойынша ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланды. Сатып алу сомасы - 140 837 435.80 теңге.

 

Тендер қорытындысы бойынша 2022 жылғы 23 маусымда №22/2/19 құрылысқа қатысы жоқ жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі -  Шарт) «Сұңқар» ЖШС-мен ҚҚС-сыз жалпы сомасы 89 000 000.00 теңгеге және ҚҚС қоса есептегенде 99 680 000.00 теңгеге жасалды.

 

Техникалық сипаттама талаптарына сәйкес жұмыстарды орындау мерзімі - «шартқа қол қойылған күннен бастап 60 күнтізбелік күн». Осылайша, жұмыс тапсырыс берушіге 2022 жылдың 22 тамызына дейін тапсырылуы керек болған.

 

«Сұңқар» ЖШС-нің өтініші бойынша 2022 жылғы 27 тамызда Университет пен «Сұңқар» ЖШС арасында сметалық құны шегінде жұмыс түрлерін ауыстыруға байланысты және жұмыстарды орындау мерзімін 2022 жылғы 20 қыркүйекке дейін ұзарту туралы шартқа №1 қосымша келісімге қол қойылды.

 

Университет 2022 жылдың тамыз айынан бастап «Сұңқар» ЖШС-ні белгіленген мерзімде жұмыстарды орындау қарқынын жеделдету үшін қызметкерлер/мамандар санын көбейтіп, сондай-ақ материалдарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету қажеттігі туралы бірнеше рет хабардар етті. 2022 жылдың қыркүйек айының басынан «Сұңқар» ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізетін №1 оқу ғимаратында оқу жылы/процесі басталады.

 

Алайда «Сұңқар» ЖШС тарапынан жөндеу жұмыстарын аяқтау/орындау мерзімі бұзылды. 2022 жылдың 21 қыркүйегінде Университет комиссиясы Шарттың техникалық сипаттамасына сәйкес келмеу актісін жасады.

 

Әрі қарай, «Сұңқар» ЖШС-не мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 12-баптың 4-тармағы 3-тармақшасының негізінде міндеттемелерді орындамауына байланысты шартты біржақты тәртіппен бұзу туралы хабарлама жіберілді. Шартты бұзу туралы хабарлама мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жіберілген күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін, яғни 2022 жылдың 21 қазанынан бастап қолжетімді болды.

 

Шарттың 8.4 тармағына сәйкес, «Сұңқар» ЖШС Жұмыстарды орындаудан бас тартқан немесе Шарт бойынша жұмыстардың мерзімі аяқталған күннен бастап бір айдан астам, бірақ мерзімі өткеннен кешіктірмей Жұмыстарды орындауды кешіктірген жағдайда Шарт жасалған күні Тапсырыс беруші «Сұңқар» ЖШС-нен кешіктірілген әрбір күн үшін Шарттың жалпы сомасынан 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын өндіріп ала отырып, Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

 

2022 жылғы 9 қарашада «Сұңқар» ЖШС-не 2022 жылғы 12 қарашаға дейінгі мерзімде орындалған жұмыстардың сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы актіде көрсетілген техникалық сипаттамадағы барлық сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы хабарлама жіберілді.

 

«Сұңқар» ЖШС орындалған жұмыстардың сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы актіде көрсетілген техникалық сипаттамаларға сәйкессіздікті жоймағанына байланысты 2022 жылдың 14 қарашасында Университет Шартты біржақты тәртіппен бұзды.

 

Қазіргі уақытта университет «Сұңқар» ЖШС-нің банктік шотына нақты атқарылған жұмыстардың Актілері бойынша жалпы сомасы 67 329 295 теңге қаражат аударды, 32 350 705 теңге игерілмеген.

 

2022 жылғы 19 қазанда университет «Сұңқар» ЖШС-ні жосықсыз өнім беруші деп тану туралы сотқа талап арыз берді, қазіргі уақытта сот процесі жүріп жатыр.

 



204

Кері оралу