қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
22.10.2018

ҚР президентінің жолдауын талқылау жалғасуда

 


 

2018 жылдың 19 қазанында Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың қатысуымен Президент - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқаты: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы талқыланды.

 

Талқылауға жоғары оқу орнының проректорлары, бөлім басшылары, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

 

Кездесуді бірінші проректор Мақтағали Бектемесов ашып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін атап өтті. Қатысушылардың назарын Жолдаудағы жастармен тікелей байланысты бастамаларға аударды: «Елбасы Жолдауында педагогикалық салада басым міндет ретінде шешілетін көптеген мәселелер бар екенін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының ағымдағы Жолдауы жас ұрпақ үшін керемет мүмкіндіктер тудырады. Бұл сондай-ақ лайықты білім алу және тұрғын үй мәселесін шешу үшін бағытталған. Жастар - біздің болашағымыз. Президент бұл туралы әрдайым жастардың мәселелеріне назар аударып, жастарды өзін-өзі дамытуға, алға басуға талпындыруда.


Қазақстандағы жастарға көрсетілген мүмкіндіктер мемлекет тарапынан қолдауға ие. Жастар үшін көптеген бағдарламалар іске асырылып, жыл сайын мыңдаған жас мамандар, жоғары оқу орындарының бітірушілері өмірді табысты бастау үшін жаңа мүмкіндіктерге ие болуда. Біздің университетте Президенттің Жолдауы аясында ректор Такир Балықбаевтың бастамасы бойынша университеттің жас түлектеріне қолдау көрсету, жұмысқа орналасу және мансаптық өсу үшін Жобалық кеңсе құрылды».

 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов жиналыс қатысушыларын еліміздің тұңғыш университеті - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, педагогикалық ғылым саласындағы елеулі жетістіктерін және республика үшін даярланатын кәсіби педагогтардың қызметіндегі ерекшеліктерін атап өтті. Педагогтарды даярлауда Мемлекет басшысының «Педагог мәртебесі туралы» заңының рөлін, «Білім беру мекемелерінде оқыту сапасына қойылатын талаптарды күшейту», «Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» жаһандық міндеттеріне қатысты бастамаларына назар аудармау мүмкін еместігін айтты. Ел Президентінің келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет екендігі туралы айтылған бастамасы мұғалімдер үшін үлкен серпіліс. Ең маңыздысы қазіргі жағдайда оқыту сапасына қойылатын талаптардың артуы. Университеттің табыстылығын бағалаудың негізгі критерийлері жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады...».

 

Кездесуде құқықтану кафедрасының меңгерушісі Ермек Бурибаев, Жобалық кеңсе басшысы Мақсат Жақау, Сорбонна-Қазақстан институтының 1 курс студенті Александр Пермяков сөз сөйледі.

 

Талқылауға қатысушылардың тарапынан депутатқа сұрақтар қойылып, олар бойынша егжей-тегжейлі жауаптар алынды. Сонымен қатар, Елбасының Жолдауының міндеттерін сапалы іске асырудың түрлі аспектілері, сондай-ақ өмір сүру сапасын арттыру, университет мұғалімдерінің жалақысын көтеру, жастарды жұмысқа орналастыру, кең ауқымды «7-20-25» бағдарлама туралы және т.б. мәселелер талқыланды.

 

Іс-шара соңында бірінші проректор Мақтағали Бектемесов Қуаныш Сұлтановты университеттің 90 жылдығына арналған медалімен марапаттап, университеттің қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай үлес қосқан университеттің тарихымен және тарихи тұлғаларына арналған кітаптарын табыс етті.

 

Авторы: Римма Жанбаева

22.10.2018 ж.

Ақпарат көзі: kazgazeta.kz