қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.12.2022

Абай университетінде постдокторантурадан кейінгі бағдарлама бойынша 1 бос орынға конкурс өткізу туралы

 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ постдокторантурадан кейінгі бағдарлама бойынша 1 бос орынға конкурс өткізу туралы хабарлайды.


Конкурсқа қатысу үшін өтінім мыналарды қамтиды: конкурсқа қатысу туралы өтінім, түйіндеме, постдокторанттың жеке ғылыми-зерттеу бағдарламасының жобасы, үміткерлерге жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттамасы бар портфолио (дәйексөздер базасынан скриншоттар, шетелдік басылымдардағы жарияланымдардың көшірмелері және т. б.), ғылыми дәреже, PhD дәреже алғанын растайтын құжаттар, ғалым беру атақтар, ғылыми еңбектер мен өнертабыстардың тізімі, үміткердің біліктілігін растайтын қосымша құжаттар, оның ішінде ұсыныс хаттар, алдыңғы жұмыс орындарынан мінездемелері.


Конкурстық өтінімдер 2022 жылдың 30 желтоқсанына дейін «Абай атындағы ҚазҰПУ» Ғылым департаментіне беріледі. Мекенжайы: Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 30, каб. № 209, 203-А. жауапты тұлға: Ғылым департаменті директоры Ұ.М. Әбдіғапбарова.


Постдокторантура туралы Ереже.