қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
16.01.2023

Педагогика және психология институтының докторанттарының ғылыми семинары


2023 жылдың 18 қаңтарында Педагогика және психология институтының ұйымдастыруымен докторанттарға ғылыми семинар өткізіледі. Ғылыми семинардың жетекшісі - PhD доктор, қауымдастырылған профессор Г.Т. Абитова.


Семинардың баяндамашылары:


1. «8D01101 - Педагогика және психология» мамандығының 2 курс докторанты Калиаскарова А., тақырыбы «Аралас оқытуды жүзеге асырудың шетелдік және қазақстандық тәжірибесі».


2. «8D01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс докторанты Сихаева А., тақырыбы «Арт-технологиялар негізінде білім беру-кәсіби маман даярлаудағы маңызды фактор».


3. «8D01901-Арнайы педагогика мамандарын даярлау» мамандығының 2 курс докторанты Даркембаева А., тақырыбы «Көру қабілеті бұзылған оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы халық музыкасының рөлі».


4. «8D01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс докторанты Алимова Қ., тақырыбы «Болашақ бастауыш білім педагогтерінің әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру».


5. «8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2 курс докторанты Ердембекова Д., тақырыбы «Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың әлеуметтік дағдыларын Реджио Эмилия әдістемесі негізінде дамыту».


6. «8D01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2 курс докторанты Калбергенова Ш., тақырыбы «Ағылшын тілін оқытуда кіші мектеп жасындағы оқушылардың креативті сөйлеу әрекетін қалыптастыру».