қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
03.02.2023

Бастауыш сынып оқушыларына арналған өлкетану математикалық есептері бойынша ІII Республикалық балалар байқауы

 

Байқау 2023 жылдың 1 ақпанында жарияланады. Байқауға ұсынылатын жұмыстар 2023 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады.


Іс-шара қашықтан өткізіледі: байқау комиссиясының жұмыстарды іріктеуі 2023 жылдың 15 наурызынан 28 наурызына дейін жалғасады, нәтижесін хабарлау - 2023 жылдың 28 наурызы. Үздік жұмыстар Абай атындағы ҚазҰПУ сайтына орналастырылады. Дипломдар электронды түрде қатысушының электронды поштасына жіберіледі.

 

Байқау жас ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі:

 

1. 1 сынып оқушылары;

2. 2 сынып оқушылары;

3. 3 сынып оқушылары;

4. 4 сынып оқушылары;

 

Қатысу тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Байқау номинациялары:

 

1. «Туған өлкенің сәулет өнері (архитектурасы)»;

2. «Менің қаламның (ауданымның, ауылымның) мәдени өмірі»;

3. «Менің қаламның (ауданымның, ауылымның) спорттық жетістіктері»;

4. «Менің өлкемнің тарихы»;

5. «Ұлы Отан соғысы кезіндегі менің халқымның ерлігі»;

6. «Менің өлкемнің географиясы»;

7. «Менің кіші Отанымның атақты тұлғалары».

 

Ақпараттық хат:

https://docs.google.com/document/d/1y5hlkqNSWG06CH_QOYq8DiyXG6G8to9u/edit?usp=sharing&ouid=111749762548662608163&rtpof=true&sd=true.

 

Жұмыстар сілтеме бойынша тіркеу нысанына тіркеледі:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfCYBLRMzZaowCiKsKFgVIrGxJroXZBpkgCD-uvTK0ZaTNXUg/viewform?usp=sf_link.