қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
09.02.2023

«Шабыт берген Абай сөзі»: оқушылар мен студенттерге арналған I Халықаралық жыр мүшәйрасы

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология институты орыс тілі және әдебиеті кафедрасы және Слупск қаласындағы (Польша) Помор академиясы жанындағы Абай атындағы Қазақ мәдениеті және ғылым орталығы бірлесіп оқушылар мен студенттерге арналған «Шабыт берген Абай сөзі» I Халықаралық жыр мүшәйрасын өткізеді. Қатысуға 13 пен 17 жас аралығындағы поляк сыныптарының студенттері, Қазақстанның Полония (поляк диаспорасы) өкілдері, сондай-ақ 18 бен 24 жас аралығындағы Алматы қаласындағы жоғары оқу орындардың гуманитарлық мамандықтарының студенттері мен магистранттары шақырылады. Байқауға Слупск қаласындағы (Польша) Помор академиясының 18 бен 24 жас аралығындағы студенттері мен магистранттары да қатыса алады.


Байқауға қатысу үшін белгіленген мерзімде кемінде 8 жолды (екі шумақ) өлең жазып, жолдау қажет. Өлеңнің максималды көлемі - 16 жол (4 төрттік).


Өлең жазу тілі:


- Поляк сынып оқушылары үшін: поляк тілі;

 

- Студенттер мен магистранттар үшін: қазақ тілі, орыс тілі (таңдау бойынша).


Өтінімдерді қабылдау: 2023 жылғы 15 ақпанға дейін.


Өтінімдерді қабылдау үшін электрондық пошта: maxim.ponomarenko@apsl.edu.pl.

 

Ақпараттық хат

Қатысуға өтінім