қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.02.2023

Абай университетінде қазақ тілінде speaking club ашылды!!

 

Егер сен үшін қазақ тілінде еркін сөйлеу, өз пікіріңді еркін жеткізу қиын болса, акцентің бар болса және қазақ тіліңді жетілдіргің келсе, қазақ тіліндегі SPEAKING CLUB-қа қош келдің!

 

SPEAKING CLUB - қазақ тілінде еркін сөйлесу, қазақ тілінде сөйлеу тәжірибесін қалыптастыру форматындағы қазақша сөйлеу клубы. Спикерлердің, қонақтарымыздың сөзін түсінуге тырысып, клубтың қатысушылары өз сөздік қорларын толықтырады. Тілдік ортаға еніп, тіл табыса отырып, кітаптарды, жаңалықтарды талқылау арқылы, фильмдерді көріп, қазақ тілінде ойын ойнап клубымыздың мүшелері қазақ тілінде сойлеу қорқынышын жеңіп, маңызды дағдыға ие болып, соңында қазақ тілінде сөйлей бастайды! Әрбір қызығушылық танытқан студент үшін клубқа қатысу - ТЕГІН!

 

БІЗДІҢ ИНСТАГРАМ: @speakazakh.club | НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ - орын саны шектеулі!

ВАТСАП: +77088063860 АРУЖАН