қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
21.02.2023

«Болашақ ұстаз тұлғасының кәсіби дамуы» іс-шарасы өтеді


Құрметті Алматы қаласының жалынды жастары, оқытушы-профессорлар құрамы, қызметкерлер мен студенттер!

 

Сіздерді Педагогикалық Шеберлік Академиясының ұйымдастыруымен «Болашақ ұстаз тұлғасының кәсіби дамуы» тақырыбында өтетін кездесуге шақырамыз.

 

Кеш қонағы: «Bilim Invest» Ұлттық білім беру инвесторлары қауымдастығының вице-президенті, «Дана» желілік мектептерінің құрылтайшысы, «Еркем-ай» балабақшалар желісінің негізін қалаушы, Батырбекова Күланда Уәлиханқызы

 

Болашақ маманға қажетті дағдылармен таныс болыңыз! Біз сіздерді ерекше атмосфераға толы кездесуде асыға күтеміз!

 

Күні: 24.02.2023 Сағат: 15:00

 

Өтетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ, Бас оқу ғимараты, №202 конференц-залы

 

Тіркелу үшін: +7 707 772 23 53