қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
15.11.2018

Мемлекет басшысы ҚазҰПУ ректорын білім ордасының 90 жылдығымен құттықтады

 


 

Нұрсұлтан Назарбаев Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаевты қабылдады.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевты қабылдады. Кездесуде Такир Балықбаев биылғы Жолдаудың ережелеріне сәйкес оқу орнының алдына қойылған міндеттерді орындау барысын және университетті дамыту жоспарының жүзеге асырылуы жөнінде баяндады. Президент биылғы Жолдауында оқыту және ағарту қызметі мен студент жастардың жағдайын жақсарту мәселелеріне баса мән бергеніне тоқталды.

 

Сонымен қатар еліміздегі жоғары білім беру жүйесін қалыптастыру және дамыту үдерісіндегі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің рөліне тоқталып, университеттің қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сай болу керек екенін атап өтті. Кездесу барысында Елбасы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін 90 жылдық мерейтойымен құттықтап, осы айтулы күнге орай барлық оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттерге құттықтау сөзін жолдады.

 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:


- Бұл университет - Қазақстанның жоғары оқу орындарының ішіндегі ең алғашқысы. Содан бастап жоғары білім беру жүйесі таралды деп айтға болады. Жалпы әрі қарай да мұғалімдер-профессорлар, барлықтарың жоғарғы білім беру жүйесіне үлес қоса береді деп сенемін. Көп жұмыс жасап жатсыздар. Қазіргі заманға сай көп нәрсе жасау керек. Менің өткен жолдауымда оқу-білімге байланысты, студенттерге байланысты көп мәселелер көтерілді. Оның жағдайын білгім келеді. Университет не жасап жатқан екен. Мынау мұғалімдердің дәрежесін көтеру үшін заң қабылдап, статус деген мәселені айтып жатыр ғой. Бұл мәселе сіздердің университет ең алдыңғы қатарлы атсалысатын мекеме болуы керек. Ғылыми жағынан да басқа жағынан да. Бұл жөнінде не істейін деп жатыр екендеріңізді білгім келеді. Енді қазіргі жағдайда бәсекеде тұр ғой жоғарғы оқу орындарыңы бәрі. Жаңа талап, жаңа білім, жаңа ғылым. Техника да ғылым да өсіп бара жатыр жан-жағынан. Сондықтан бұл жағдайда не істеп жатыр екенсіңдер, соны білгім келеді. Басқа дүниежүзінің үлкен жоғарғы оқу орындарымен кооперацияда болу керек, бірге жұмыс істеу керек. Университеттің дәрежесін көтеру керек. Солай ғой. Сол жағынан да көп жұмыс істеуге болады. Сонан кейін педагогикалық ғылымның ең қайнар көзі сіздердің университет болуы керек. Мерейтойға байланысты сізді қабылдап, сіз арқылы барлық ұжымға, ұйымға өзімнің сәлемімді құттықтауымды жеткізейін деп отырмын.


Такир Балықбаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры:


- Көп рахмет. Шындығында осы мына мерейтойға байланысты бүкіл ұжымға арнайы құттықтауыңызды алып, ол тек қана ұжымның, біздің студенттердің ғана емес, мыңдаған түлектеріміздің барлығының Сізге айтып жатқан алғысын алып келдім. Енді Нұрсұлтан Әбішұлы, жаңа Сіз айтып отырсыз, жақындағы жолдауда Қазақстанның әл-ауқатының өсуі табыс пен тұрмыс сапасын арттыру Жолдауын біздің университеттің профессор, студенттері ерекше көңілде қарсы алды. Бұл Жолдаудағы барлық айтылған нәрселерді іске асырамыз деп, соны орындауға атсалысамыз деп отырмыз. Сіздің біздің университетке деген ерекше көзқарасыңызды университет біледі. Сондықтан сол сіздің ерекше көзқарасыңыздың арқасында университет бүгінгі таңда жақсы көрсеткіштерге жетіп отыр. Әлемнің үздік 500 университетінің ішіне кіріп, QS World University Rankings деген рейтінге 481-ші орын алып отырмыз. Бұл ТМД елдерінің педагогикалық университеттерінің ішінде болмаған жағдай. Олардың ең үздігі болып отырмыз.

 

15.11.2018 ж.

Ақпарат көзі: 24.kz