қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.02.2023

«Білім беруде АІ-құралдарын пайдаланудың үздік тәжірибелері мен практикасы. ChatGPT-дің білім беру үдерісіне әсері» семинары 

 

2023 жылдың 1 наурызында Абай университетінде «Білім беруде АІ-құралдарын пайдаланудың үздік тәжірибелері мен практикасы. ChatGPT-дің білім беру үдерісіне әсері» тақырыбында семинар өтеді.

 

Іс-шараның мақсаты - заманауи білім беруде AI құралдарын пайдалану тәжірибесін және ChatGPT және Edtech бағдарламаларының білім беру мазмұны мен оқу үдерісіне әсерін талқылау.

 

Семинар барысында «Білім беруде АІ-құралдарын пайдаланудың үздік тәжірибелері мен практикасы» (профессор Ж.К. Нұрбекова); «ISACA білім беру және сертификаттау» презентация (КТ АҚ  Аллюр Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы М.Миркамилов); «Киберқауіпсіздікте AI және ML пайдалану» (DATS.TEAM  IT халықаралық компаниясының ақпараттық қауіпсіздік офицері А.А.Двоянов); «Отандық білім беру платформаларындағы цифрлық оқулықтарға сараптама жүргізу қағидалары» баяндама (ҚР АОМ РҒПБМСО жетекші сарапшысы А.Р.Саябаева) тақырыптарында баяндама жасалып, «Chat GPT және басқа да AI-құралдары оқытушыларға көмек: Білім беру және ғылыми-зерттеу үдерістеріне интеграциялау» (профессор Ж.К. Нұрбекова) шеберлік сабағы мен «Edtech-тің білім беру мазмұны мен оқу үдерісіне әсері. Chat GPT және басқа AI құралдары» форсайт сессиясы өтеді.

 

Семинарға тәжірибелі сарапшылар, профессор-оқытушылар құрамы және университеттің ғылыми қызметкерлері, ISACA Nursultan  бөлімнің мүшелері қатысады.

 

Ұйымдастырушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы  (ҚР АОМРҒПБМСО); ISACA IT-мамандарының Жаһандық қауымдастығының Астана бөлімшесі, Қазақстан (ISACA Astana  chapter), «Digital Experts Group» (DEG) ЖШС.

 

Өтетін уақыты мен мерзімі: 1 наурыз 2023 жыл, 17.00-19.00

 

Өтетін орны: Абай атындағы ҚазҰПУ,  Бас оқу ғимараты (Достық, 13), 307-аудитория

 

Zoom: https://us06web.zoom.us/j/82437298906?pwd=aGNITlJvcDhPZlNYZ0RqNXR3dHByQT09;

 

Конференция идентификаторы: 824 3729 8906;

 

Кіру коды: 033690

 



140

Кері оралу