
  
Негізгі бет /
Хабарландыру
09.03.2023 Құрметті профессорлар, оқытушылар, докторанттар және магистранттар! 
 2023 жылғы 13 наурызда сағат 11.00-де Абай университетінде Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасы «Зерттеудің бейформалды түрлерін кәсіби тәжірибеге енгізу негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігін арттыру» тақырыбында жалпыуниверситеттік ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар өткізеді. 
 Семинардың мақсаты - зерттеудің бейформалды түрлерін кәсіби тәжірибеге жүйелі түрде кіріктіру негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеушілік белсенділіктерін арттыру мүмкіндіктерін талқылау. 
 Модератор: Берикханова Айман Еженхановна п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ-ң зерттеуші профессоры. 
 Спикерлер: 1. «Университеттің ПОҚ зерттеушілік белсенділіктерін университеттің ғылыми әлеуетінің маңызды көрсеткіші ретінде» - Абдигаппарова Ұлжарқын Муслимқызы; 2. «Абай университетінің педагогикалвқ зерттеушілік университетіне трансформациялануындағы «Іс-әрекеттегі зерттеудің» рөлі» - Берікханова Айман Еженханқызы; 3. «Білім беруде Action Research-ті енгізудің үздік әлемдік тәжірибелері» - Сапарғалиева Баян Оралханқызы; 4. «ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділіктерін дамытудың негізгі әдіснамалық тұғырлары мен принциптері» - Сәрсенбаева Ләззат Оңалбайқызы; 5. «ЖОО-ның заманауи оқытушысының зерттеушілік белсенділігі - оның бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби құзыреттілігінің негізі» - Ибраимова Жанар Қажыбайқызы; 6. «ЖОО оқытушысының кәсіби тәжірибесіне Action Research-ті енгізудің негізгі қадамдары мен кезеңдері» - Байдилдинова Дана Қалқақызы; 7. ЖОО тәжірибесіне «Іс-әрекеттегі зерттеуді» енгізуден күтілетін нәтижелер - Асылбаева Фатима Бекмұратқызы. 
 Талқылау, сұрақ-жауап, конструктивті ұсыныстар. 
 Ғылыми-әдіснамалық семинарының ұйымдастырушысы - Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасы 
 Әдіснамалық семинар онлайн форматта өткізіледі. 
 ZOOM арқылы онлайн қосылу сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/84783909445?pwd=MUpDazEyMlBTTi91cXFBUEhwaXFFQT09 
 Конференция идентификаторы: 847 8390 9445 
 Кіру коды: 292845 Уақыты: 13 наурыз 2023 жыл, сағат 11.00 Астана, (Дакка) 
  |