қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
09.03.2023

Құрметті профессорлар, оқытушылар, докторанттар және магистранттар!

 

2023 жылғы 13 наурызда сағат 11.00-де Абай университетінде Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасы «Зерттеудің бейформалды түрлерін кәсіби тәжірибеге енгізу негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігін арттыру» тақырыбында жалпыуниверситеттік ғылыми-әдістемелік онлайн-семинар өткізеді.

 

Семинардың мақсаты - зерттеудің бейформалды түрлерін кәсіби тәжірибеге жүйелі түрде кіріктіру негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеушілік белсенділіктерін арттыру мүмкіндіктерін талқылау.

 

Модератор: Берикханова Айман Еженхановна п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ-ң зерттеуші профессоры.

 

Спикерлер:

1. «Университеттің ПОҚ зерттеушілік белсенділіктерін университеттің ғылыми әлеуетінің маңызды көрсеткіші ретінде» - Абдигаппарова Ұлжарқын Муслимқызы;

2. «Абай университетінің педагогикалвқ зерттеушілік университетіне трансформациялануындағы «Іс-әрекеттегі зерттеудің» рөлі» - Берікханова Айман Еженханқызы;

3. «Білім беруде Action Research-ті енгізудің үздік әлемдік тәжірибелері» - Сапарғалиева Баян Оралханқызы;

4. «ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділіктерін дамытудың негізгі әдіснамалық тұғырлары мен принциптері» - Сәрсенбаева Ләззат Оңалбайқызы;

5. «ЖОО-ның заманауи оқытушысының зерттеушілік белсенділігі - оның бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби құзыреттілігінің негізі» - Ибраимова Жанар Қажыбайқызы;

6. «ЖОО оқытушысының кәсіби тәжірибесіне Action Research-ті енгізудің негізгі қадамдары мен кезеңдері» - Байдилдинова Дана Қалқақызы;

7. ЖОО тәжірибесіне «Іс-әрекеттегі зерттеуді» енгізуден күтілетін нәтижелер - Асылбаева Фатима Бекмұратқызы.

 

Талқылау, сұрақ-жауап, конструктивті ұсыныстар.

 

Ғылыми-әдіснамалық семинарының ұйымдастырушысы - Педагогика және психология институтының педагогика кафедрасы

 

Әдіснамалық семинар онлайн форматта өткізіледі.

 

ZOOM арқылы онлайн қосылу сілтемесі:

https://us06web.zoom.us/j/84783909445?pwd=MUpDazEyMlBTTi91cXFBUEhwaXFFQT09

 

Конференция идентификаторы: 847 8390 9445

 

Кіру коды: 292845


Уақыты: 13 наурыз 2023 жыл, сағат 11.00 Астана, (Дакка)