қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
02.05.2023

Қазақстанның интернет әдебиеті бойынша халықаралық конференция

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология институты Сіздерді «Қазақстанның интернет әдебиеті: негізгі көркемдік үрдістер» халықаралық конференцияға қатысуға шақырады! Шара ұстаз, ғалым, аудармашы А.Л. Жовтистің 100 жылдығына арналған.


Конференция Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын жастар жобасының (грант №AP13067661 «Қазақстанның интернет-әдебиеті: негізгі көркемдік үрдістер») бір бөлігі болып табылады.


«Қазақстанның интернет-әдебиеті: негізгі көркемдік үрдістер» халықаралық конференциясында қазіргі әдебиет мәселелері, оның үдерістері және Қазақстан мен Ресейдегі тенденциялары талқыланады.


Бұл әдеби жобаның басты мақсаты - мәдениетаралық өзара әрекеттестік пен ғылыми ынтымақтастықты кеңейту ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар жақындасуы, өйткені интернет-әдебиет, ең алдымен, жастарды қызықтырады. Сондықтан да, конференция тақырыбы тек әдебиеттанумен ғана шектелмейді, қазіргі орыс тілі мен казнет пен рунеттегі орыс тілді интернет кеңістігін зерттеудің түрлі аспектілерін қамтиды.


Конференцияда студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және университет оқытушыларын, сондай-ақ интернеттегі әдеби шығармашылыққа қызығушылық танытатындардың барлығын көруге қуанышты боламыз!

Форматы: онлайн және офлайн


Өтетін уақыты: 3 мамыр 2023 жыл, сағат 13.00


Өтетін орны: Достық, 13 (ГУК), 3 қабат, 320 кабинет.


Zoom-ға сілтеме:

https://us05web.zoom.us/j/6282374623?pwd=R1F3TTRTOEdEbTBHN3puZEJuQ2lxUT09

 

Ақпараттық хат