қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
04.05.2023

V Халықаралық Абай оқулары өтеді

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология институты «Орыс тілі және әдебиеті» кафедрасы және Слупск қаласындағы (Польша) Помор академиясы жанындағы Абай атындағы Қазақ мәдениеті және ғылым орталығы бірлесіп Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 95 жылдығына және педагог, ғалым, аудармашы А.Л.Жовтистің 100 жылдығына арналған «Абай оқулары: Еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан мәдениетінің тарихы мен келешегі» V халықаралық ғылыми семинар өткізеді.

 

Семинар Польша Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен 2023 жылы 26-мамыр күні аралас форматта (офлайн және қашықтықтан) өтеді.

 

Жұмыс тілдері: поляк, қазақ, орыс, ағылшын.

 

Сөйлеу регламенті: 10-15 минут

 

Өтінім беру мерзімі: 2023 жылдың 14 мамырына дейін

 

Өтінім беру үшін электрондық пошта: abaicentrum@apsl.edu.pl


Ұйымдастыру комитеті: Төрайым - dr hab. Danuta Gierczyńska, prof. AP, Орталық үйлестірушісі - dr Maxim Ponomarenko,

 

Ғылыми қолдау - prof. dr hab. Galina Nefagina, prof. zw. AP, ф.ғ.д., профессор Сауле Абишева (Алматы, Қазақстан), mgr Ewa Promińska, Неофилология кафедрасының оқытушысы.

 

Ақпараттық хат