қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
05.05.2023

Ішкі аудит қызметі қызметкерінің бос лауазымына конкурс жарияланады

 

Бос жұмыс орны жабық

 

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметі қызметкерінің бос лауазымына конкурс жариялайды.

 

Кандидаттардың құжаттарын қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады (2023 жылғы 5 мамырдан - 15 мамырға дейін).

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қызмет жұмыскерлерінің экономика және қаржы және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе ақпараттық технологиялар салаларында және/немесе заң саласында және/немесе техникалық салада жоғары кәсіптік білімі, сондай-ақ осы салаларда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы тиіс. CIA халықаралық ішкі аудитор сертификатының немесе ACCA және/немесе CPA алқаби бухгалтерінің сертификатының және/немесе DipIFR дипломының болуы, қазақ және ағылшын тілдерін білуі қажет.

 

Конкурсқа қатысу үшін Корпоративтік хатшыға мынадай құжаттарды ұсынады:

1. өтініш;
2. конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. резюме;
4. білімі туралы құжаттар мен қосымшалардың көшірмелері;
5. жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6. соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
7. Біліктілік талаптарына сәйкес сертификаттар;
8. қызметтің әрі қарайғы қызметі бойынша өз көзқарасының презентациясымен таныстыру.

 

Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Корпоративтік хатшыға мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, каб.304, телефон: +7-747-988-0925; email: a.zhumadilov@abaiuniversity.edu.kz