қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
10.05.2023

Инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры лауазымына конкурс


«Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры - күрделі құрылыс жөніндегі жобаның басшысы лауазымына конкурс жарияланады.


Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары:
Құрылыс мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Жұмыс өтілі мамандық бойынша кемінде 3 жыл және тиісті бейін бойынша басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес. АВС, САНА сметалық бағдарламаларын білу. PMP, IPMI жобалық менеджмент саласында кәсіби сертификаттарының болуы. Тірек және қоршау конструкциялары, инженерлік желілер және технологиялық жабдықтар бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сараптамалық сертификаты болғаны абзал.


Практикалық жұмыс тәжірибесі: жобаға басшылық жасау (Құрылыс және (немесе) реконструкция бойынша), өндірістік, әкімшілік қызметті басқару, объектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын ұйымдастыру, объектіде орындалған жұмыстар туралы есептілікті, талдамалық ақпаратты дайындау, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге/жасауға қатысу, техникалық қадағалауды жүзеге асыру, атқарушылық-техникалық құжаттаманы жүргізу және т. б.

 

Түйіндемеңізді 2023 жылдың 16 мамырына дейін a.gabdullina@abaiuniversity.edu.kz электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.