қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
18.05.2023

Белгілі қазақ жазушысы К. Тоқаевтың 100 жылдығына арналған байқау

 

Көрнекті жазушы, қазақ детектив жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Кемел қаламгер» республикалық шығармашылық байқауы жарияланды.

 

Детектив жанрында және құқық тақырыбында жазатын отандық авторлардың шығармаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылып отырған байқауға төмендегі номинациялар бойынша жұмыстар қабылданады:

1) Детектив жанрындағы әдеби шығарма/эссе;

2) құқық тақырыбында жазылған сараптамалық мақала/зерттеулер.

 

Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған жұмыстар қатыса алады.

 

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 22 мамырдан 22 тамыз аралығында жүргізіледі.

 

Байқаудың ережесі туралы ақпарат Telegram қосымшасындағы «Кемел қаламгер байқауы» каналында (https://t.me/kemel_qalamger) орналасқан.

 

Байқау жұмыстары kemel.qalamger@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады.

 

Байқауды ұйымдастырушы: «Кемел Тоқаев атындағы Қайырымдылық қоры

 

Ереже