қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
31.05.2023

Білім алушылардың назарына!


Көктемгі емтихан сессиясы нәтижесінде 2022/2023 оқу жылы бойынша босаған білім беру гранттарының бос орындарына арналған конкурс жарияланады!

Конкурсқа қатысты құжат қабылдау әр түрлі білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады (аталған білім беру гранттар саны төменде көрсетілген кестедегі білім беру бағдарламалары бойынша қарастырылады).

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Мемлекеттік білім беру грантының бос орнына ақылы бөлімде білім алатын, академиялық қарызы жоқ білім алушы қатыса алады.

Қажетті құжаттар:
1) ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің атына өтініш;
2) Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының атына өтініш;
3) Оқу үдерісінің барлық мерзіміне сәйкес ресми транскрипт;
4) Жеке төлқұжаттың көшірмесі қажет.

Құжаттар 2023 жылдың 20 маусымына дейін онлайн арқылы институт директораттарында қабылданады. (Мемлекеттік бос білім гранттарын тағайындау негізінде құжаттарды қабылдауға қосымша толықтыру енгізу)