қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
07.12.2018

Cөз сиқырын зерделеген ғалым

 

Ұлттық кітапхананың Н.Дәулетов атындағы конференция залында Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының аясында Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік сыйлықтың иегері, филология ғылымының докторы, профессор Әсет Болғанбайұлының 90 жылдық мерейтойына арналған «Сөз сиқырын зерделеген ғалым» атты «Дөңгелек үстел» болып өтті.

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған қазіргі қазақ қоғамның мәдени-әлеуметтік кеңіс­тігіндегі заманауи бағыт­тың «Тіл - рухани қазына, тіл - ұлттық құн­­­дылық» қағидағасына сәйкес бүкіл өмірін қазақ тілінің сөздік қорын байытуға, жетілдіруге арнаған профессор Әсет Бол­ғанбайұлының артына қалдырған ғылыми мұра­ларын танып-білудің мәні ерекше. Қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі, фило­логия ғылымының докторы, про­фессор Әсет Болғанбайұлы қазақ тілі тоқырауға түскен, ұлттық тілдің қолданысы мен мәртебесі құлдырай бастаған төл тіліміздің нәрін зерттеп, қазақтың сөздік қорының байлығын дәлелдеген қазақ тіліндегі сөздің көркемдігін танытатын мағыналас сөздерді жинап, «Синонимдер сөздігін» жасады.

 

Ғалымның еңбек жолына, зерт­теу­леріне назар аударатын болсақ, ол үнемі қазақ сөзінің мән-мағы­насын ашып, сөздікке тіркеп, болашаққа төл сөздің құндылығын мұра етуді көздеді. Ә.Болған­байұлының негізгі еңбектері қазақ тіл білімінің көп ізденісті, жан-жақты зерттеуді қажет ететін, қазақ тілінің сөз байлығының арнайы саласы лексикологияға және лексикогра­фияға арналған. Білікті лексикограф-ға­лымның «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Абай тілі сөздігі» тәрізді ірі лексико­гра­фиялық шығармаларын айтуға болады. Кезінде бүкіл түркі тілдері бойынша озық туынды­лардың бірі саналған он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» белді авторлардың бірі болды. Осы жұмысы үшін ғалым 1988 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы­ның иегері атанды.

 

«Дөңгелек үстелге» филология ғылы­мы­ның кандидаты, лексико­граф-ғалым Асылы Осман, Абай атындағы Қаз ҰПУ профессоры Фаузия Оразбаева, әл-Фараби атындағы атындағы ҚазҰУ про­фессоры Гүлдархан Смағұлова, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Гүлбану Қосымова, Абай атындағы ҚазҰПУ доценті Майра Жүнісова, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының белгілі тілші-ғалым­дары Н.Уәли, профессорлар Ж.Ман­кеева, С.Бизақов, Р.Шойбеков және бірқатар гуманитарлық бағыт­тағы ғылыми-зерттеу институт­тарының қызметкерлері, тіл ма­ман­дары қатысты. «Дөңгелек үстел» бары­сында Ә.Болған­байұлының «Сөз әлемі» кітабының тұсаукесер рәсімі болды.

 

Авторы: Өтеш Өтеуліұлы

07.12.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz