қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
29.06.2023

Академик С.Ж.Пірәлиевті еске алуға арналған Халықаралық педагогикалық форум өтеді

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті сіздерді қоғам қайраткері, академик С.Ж.Пірәлиевті еске алуға арналған «Білім беру стратегиялары: болашақ кадрларды даярлау» Халықаралық педагогикалық форумның жұмысына қатысуға шақырады. Форумға қатысу үшін отандық және шетелдік ғалымдар, практикалық қызметкерлер, мұғалімдер, докторанттар, магистранттар, студенттер шақырылады.

 

Өту күні: 30 қыркүйек 2023 ж.

 

Форум форматы: Offline-online.

 

Форум жұмысының негізгі бағыттары:

- Білім беруді цифрландыру жағдайында педагог кадрларды кәсіби даярлау

- Қазақстандық білім берудегі инновациялық процестер;

-ЖОО-да оқытудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік аспектілері;

-Жоғары білім беруде білім беру сапасына мониторинг жүргізу;

- Инклюзивті білім берудің заманауи мәселелері.

 

Форум аясындағы іс-шаралар

I.Пленарлық отырыс: баяндамалар.

II."Үздік ғылыми жарияланым" байқауы (магистранттар, докторанттар арасында).

III. ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «ЖОО-ның Үздік оқытушысы» грант иегері оқытушыларының шеберлік сыныптары.

IV. Секциялық отырыс: баяндамалар.

V. Панельдік дискуссия «Қазақстанда педагогикалық білім беруді ғылыми-зерттеушілік сүйемелдеу мен тұжырымдауға сұраныс».

VI. Зерттеу топтарының отырыстары.

 

Ақпараттық хат