қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
05.07.2023

Абай университеті Қабылдау комиссиясының жаңа сайты іске қосылды!

 

Абай атындағы ҚазҰПУ қабылдау комиссиясы жаңа сайтты іске қосты. Енді талапкерлер білім беру бағдарламалары, қабылдау ережелері туралы қажетті ақпаратты тез және оңай ала алады. Университетте бакалавриат, магистратура және PhD білім беру бағдарламалары ұсынылған. Жаңа веб-сайт университеттің қызметі, барлық институттар және университетте бар мамандықтар туралы уақтылы ақпарат алуға көмектеседі. Жаңа бастама сайттың барлық келушілері үшін пайдалы әрі ыңғайлы болатынына және болашақ студенттердің алдында біздің университеттің беделін одан әрі арттыратынына сенімдіміз. Еліміздің жетекші педагогикалық жоғары оқу орнының 16 мың студентінің қатарына қосылыңыз және білім беру және мансаптық армандарыңызды жүзеге асырыңыз!

 

Жаңа сайт мына сілтеме арқылы қол жетімді: https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz/