қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.07.2023

«Садықов оқулары - VI» Халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы өтеді

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті сіздерді ҚР ҰҒА академигі Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықовтың туғанына 85 жыл толуына және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 95 жылдығына орай «Жаңа шындық университеттері - даму стратегиясы және жаңғырту тәжірибесі» тақырыбында «Садықов оқулары - VI» Халықаралық ғылыми - практикалық конференциясының жұмысына қатысуға шақырады.

 

Өтетін күні: 2023 жылғы 22 қыркүйек

 

Конференця форматы: offline-online


Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. ХХІ ғасырдағы инновациялық өзгерістер: білім беру үдерісіндегі психологиялық-педагогикалық технологиялар;
2. Қазіргі жаһандық әлемнің сын-қатерлері контекстіндегі тарих және тарихи білім;
3. ҚР ҰҒА Академигі Т.С. Садықовтың халықаралық бағыттағы мамандарды даярлаудағы сіңірген еңбегі;
4. Экономика және құқық: қазіргі жағдайы және даму перспективалары;
5. Әлеуметтік-экономикалық процестерді модельдеу Жаңа Қазақстанның өзекті саяси міндеті ретінде;
6. Ақпараттық технологиялар. Білім беруді цифрландыру мәселелері.

 

Ақпараттық хат