қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.08.2023

2023-2024 оқу жылында Абай университетінің студенттерін жатақханаға орналастыру туралы ақпарат

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2023-2024 оқу жылына 2964 талапкер мемлекеттік білім грантының иегері атанды. Сонымен қатар, талапкерлерді ақылы бөлімге қабылдау жүргізілуде. Жаңа оқу жылында 2 курста - 4015, 3 курста - 4155, 4 курста - 4285 студент білім алады.

 

Университеттің әкімшілік қарамағындағы бес жатақханадағы орындардың жалпы саны 2086 төсек орынды құрайды.

1. №1 жатақхана - Төле би көшесі, 35 мекенжайында орналасқан. Сыйымдылығы - 280 орын;

2. №2 жатақхана - Қонаев көшесі, 82 мекенжайында орналасқан. Сыйымдылығы - 266 орын;
3. №3 жатақхана - Қазыбек би көшесі, 34 мекенжайында орналасқан. Сыйымдылығы - 256 орын;
4. №5 жатақхана - Абай даңғылы, 56В мекенжайында орналасқан. Сыйымдылығы - 624 орын;
5. №8 жатақхана - Ш. Уәлиханов көшесі, 61 мекенжайында орналасқан. Сыйымдылығы - 660 орын.


Сонымен қатар, университет пен жеке кәсіпкерлер арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Аталмыш келісімшарттар бойынша 7 хостел мен жатақханалардағы орындардың жалпы саны 1886 орынды құрайды.

 

Студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету бойынша Қазыбек би көшесі, 30/1 мекенжайындағы Abai Student Center коворкинг орталығында ахуалдық орталығы құрылып, университет қызметкерлері студенттерге кеңес беру жұмыстарын жүргізуде. Студенттер мен ата-аналардың өтініштерін қарастыру бойынша жедел желі жұмыс істейді (87478486516).

 

Түсіндіру жұмыстары әлеуметтік желілерде және Zoom платформасында кездесулер арқылы жүзеге асырылуда.


Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерін жатақханаға орналастыру алгоритмі:

1. 2023 жылғы 10-20 тамыз аралығында студенттерден жатақханаға орналасу бойынша онлайн өтініш қабылдау;

2. 20-25 тамыз аралығында қабылданған өтініштерді комиссия құрамымен қарастыру;

3. 25 тамыз оқуға қабылданған студенттердің бұйрығына сәйкес жатақханаға орналастырылатын студенттер тізімін тексеру;

4. 26 тамыз жатақханаға орналасуға жолдау қағазын алатын студенттер тізімін жариялау;

5. 28-30 тамыз студенттерді жатақханаларға орналастыру.