қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.09.2023

Бітіруші курс студенттерінің назарына!


Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті таланттар пулына іріктеу өткізілетіні туралы хабарлайды, оның мақсаты -​ белсенді және талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту.

Таланттар пулы жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура және докторантура) немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында бітіруші курста оқитын Қазақстан азаматтарының қатарынан қалыптастырылады.

Таланттар пулын қалыптастыру жыл сайын қыркүйектен маусымға дейін жүргізіледі және келесі кезеңдерден тұрады:
1) қатысушыларды өтініштері арқылы тіркеу;
2) эссе жазу;
3) Академияда және оның филиалдарында даярлау бағдарламасынан өту және жобаны әзірлеу;
4) өндірістік практикадан өту және жобаны таныстыру.

Қатысушылар тіркеу кезінде нақты ақпаратты ұсынуы және оны барлық кезеңдерде жаңартып отыруы қажет.

 

Әрбір қатысушы жобаға қатысу үшін тек бір рет тіркеле алады.

 

Барлық сұрақтар бойынша 8-727-2549030​ нөміріне хабарласуға болады.