қазақша · русский · english
   
Әлеуметтік -тәрбие қызметі

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» мерекелік іс - шара

 

2017 жылдың 8 желтоқсан күні Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география институтында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік іс -шара өтті. Аталмыш іс -шара студенттік өзін-өзі басқару кеңесі, ботаника және жалпы биология кафедрасының аға оқытушысы Рита Саимованың жетекшілігімен 3 курс биология мамандығының студенттерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Шара шымылдығын институт директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов және ботаника және жалпы биология кафедрасының профессоры Қаратай Шалабаев ашты. Іс - шара барысында әуезді әндер айтылып, мың бұралған билер мен бірнеше бейнероликтер көрсетілді.

 

Мерекелік іс -шараны ботаника және жалпы биология кафедрасының аға оқытушысы Раушан Джунусова мен Рита Саимова қорытындылап, қатысушыларды келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

 

  

 

  

 

  

 

 

      Институт көлемінде 29.08.2017ж. «Ата заң - алтын тұғырымыз» атты тақырыпта 3 курс «5В011300-Биология» мамандығы 2 - топ, 1 топша студенттерімен тәрбие кеші өтті. Ұйымдастырушылар: Жаратылыстану және география институтының тәрбие іс жөніндегі директор орынбасары Манапов Н.Т., тәрбие жетекшісі, «Ботаника және жалпы биология» кафедрасының аға оқытушысы Саимова Р.У.; 3-курс, 2-топ, 1 топша 5В011300 - Биология мамандығы студенттері.

    Кештің мақсаты: Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. 

 

 

 

2016/2017 оқу жылының ботаника және жалпы биология кафедрасының тәрбие жұмыстарының жоспары

 

Ботаника және жалпы биология кафедрасының тәрбие жетекшілерінің 1-ші жарты жылдықта орындаған тәрбие жұмыстарының есебі 2016/2017 оқу жылы

 

Институт көлемінде 02.12.2016 ж. «Мың жасаған Алматы» атты тақырыпта 1 курс «5В011300-Биология» мамандығының 2 - топ, 1 топша студенттерімен тәрбие кеші өтті. Ұйымдастырушылар: Жаратылыстану және география институтының тәрбие іс жөніндегі директор орынбасары Манапов Н.Т., тәрбие жетекшісі, профессор Айдарбаева Д.Қ.; 1-курс, 2-топ, 1 топша 5В011300 - Биология мамандығы студенттері.

Кештің мақсаты: Алматы қаласы туралы тарихи мәліметтермен келешек жастарды таныстыру.

 

  

      «Мың жасаған Алматы» кешінің ашылуы   Әбділда Тәжібаевтың өлеңі «Алматымыз астанасы қазақтың»

 

 

 

      Мың бұралған бишилер Айжан мен Аяулымның   тәр.жетекшісі, проф.Айдарбаева Д.Қ. студенттерге тілек                             орындауында «Қазақ қызы» биі.                                             айтуда

 

30.11.2016ж. Жаратылыстану және география институты көлемінде «Ботаника және жалпы биология» кафедрасы, 2-курс, 2 топ 5В011300 - Биология мамандығы студенттерімен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: жастарды туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Біз жастар, Ұлы дала елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың тәуелсіздік туралы арманын іске асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтастылықтың маңызын сезініп, қоғам мен мемлекеттің жоғарғы мүдделерін негізге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында осы «Мәңгілік Ел!» патриоттық ұранын қабылдаймыз.

Ұйымдастырушылар: Жаратылыстану және география институтының тәрбие іс жөніндегі директор орынбасары Манапов Н.Т., тәрбие жетекшісі оқытушы Саимова Р.У.; 2-курс, 2 топ 5В011300 - Биология мамандығы студенттері

 

 

 

                    ҚР-ның әнұранын орындауда                 дир.орынбасары:Манапов Н.Т., тәр.жетекші:Саимова Р.У.

 

 

 

                     Н.Т.Манапов студенттерге тілек айтуда           «Көк тудың желбірегені» әнін орындауда


21.11.2016 ж. Жаратылыстану және география институтының биология мамандығының 3 курс және 1 курс студенттері және оқытушы Қауынбаева Э. ұйымдастыруымен «Қызықты көңіл, студенттік өмір» атты Халықаралық студенттер күніне орай өткен мерекелік кеші өтті.

Институт директоры К.Д.Каймулдинова, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Н.Т.Манапов студенттерді халықаралық студенттер күнімен құттықтап, кештің ашылуына қатысты.

Кештің мақсаты: 3 курс аға буын студенттері 1-курс студенттерін Халықаралық студенттер күнімен құттықтап, оларды студенттік шақта кездесетін қиын әрі қызықты сәттермен, жатақхана тіршілігімен таныстыру.

Шынымен де студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес. Студенттің басты мақсаты білім алу, өз мамандығына мұқият әрі тыңғылықты болып, болашақта жақсы маман иесі болу керектігін кеште ашып көрсеткен.

Ұйымдастырушылар: Жаратылыстану және география институтының тәрбие іс жөніндегі директор орынбасары Манапов Н.Т., тәрбие жетекшісі оқытушы Қауынбаева Э.; 3-курс, 1 топ 5В011300 - Биология мамандығы студенттері.

  

 

 

 

«Аралас оқыту жәе ТРАСК (техникалық, педагогикалық және контентті)» тақырыбына дөңгелек стол


2016 жылдың 20-қазанында Жаратылыстану және география институтының, ботаника және жалпы биология кафедрасында «Аралас оқыту және ТРАСК» тақырыбында дөңгелек стол өтті. Дөңгелек стол Лейден университетінің қауымдастық профессоры JCLOM білім берудің басты кординаторы ХЭНК Френкеннің қатысуымен өтті.
Бұл кездесу ботаника және жалпы биология кафедрасында ұйымдастырылып, кафедра меңгерушісі С.К.Иманкулованың басшылығымен өтті. Кездесуге жаратылыстану және география институтының директоры, профессор К.Д.Каймулдинова, кәсіби бағытталған тілдер кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Абуов сонымен қатар, жаратылыстану және география институтының профессор - оқытушылары, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысты.
Дөңгелек столдың негізгі мақсаты институт докторанттары мен магистранттар үшін сабақтарда АТ (JT) қолдану мүмкіндіктерін қарастыру және студеттерге әдістемелік білім беру болды.

 

                     

 

                    

 

 

 

Алматы қаласындағы хайуанаттар бағының жариялаған «Желудевая осень- 2016» 20.09.16ж. - 07.11.16ж. науқаны негізінде Абай атындағы ҚазҰПУ-нің жаратылыстану және география институты ботаника және жалпы биология кафедрасы оқытушыларының қолдауымен «Жануарларға қамқормыз» атты науқан ұйымдастырылды. Оған 1-4 курс «Биология» мамандығының студенттерінің қатысуымен 542 кг емен жаңғағы жиналып хайуанаттар бағына өткізілінді.

 

               

 

               

 

               

 

 

Қазақстан Республикасы халқының тілдер күніне арналған
«Қазақ тілі - құрметім!» атты мерекелік кеш өтті

 

21.09.2016 жылы Жаратылыстану және география институтының биология мамандығынының 3 курс студенттері ҚР халқының тілдері күніне арнайы «Қазақ тілі - құрметім!» атты мерекелік кеш өткізді. Ұйымдастырушылар: жаратылыстану және география институтының тәрбие ісі-жөніндегі директордың орынбасары Н.Т. Манапов, тәрбие жетекшісі х.ғ.к. ,аға оқытушы Н.С.Жусупбекова, 5В011300-биология, 3 курс 2 топ старостылары Н. Бурханова және Ғ.Нұрғали. Мерекелік көңілмен студенттер өздерінің ұйымдастырған слайд-шоу, өлең жолдарды, би өнерін, тақырыпқа байланысты көріністі, «Жаса, қазақ тілім», «Көк тудың желбірегені» атты әндерін профессор оқытушылар құрамына, студенттер мен магистранттарға паш етті.Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына ат салысып жүрген құрметті қонақтар К.Д.Каймулдинова, Н.Т. Манапов сөз сөйледі.

 

29.04.2016 жылы студенттік көктем апталығы қарсаңында Университет көлемінде «Көктем Аруы-2016» атты қыз сыны және жігіт сұлтаны байқауы өтті. Аталған іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, студенттер мен арнайы шақырылған 

қонақтар қатысты. Бұл іс-шараны «Тәрбие жұмысы, жастар саясаты мен мемлекеттік тілді дамыту басқармасы және жастар ісі жөніндегі комитет» мүшелері ұйымдастырды. Жаратылыстану және география институты тарапынан бұл іс-шараның өтуіне атсалысқан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Т.Манапов және студенттік директорат мүшелері Ж.А.Абдуалиева.,А.Ә.Ораз, А.С.Аязбек, М.Ә.Жаңбыр. Сайысқа біздің институт атынан биология мамандығының 1 курс студенттері Мәтен Айгерім және Халилаев Хайролла қатысты. Сайыс 5 этаптан тұрды. Барлық институт студенттері жоғары дайындықпен өнер көрсетті. Сайыс қорытындысы барысында біздің институттың 1 курс, «5В011300-биология» мамандығының студенттері Мәтен Айгерім мен Халилаев Хайролла І орын иегерлері атанды. Топ эдвайзері ботаника және жалпы биология кафедрасының оқытушысы Р.У.Саимова да бұл сайыстың өтуіне өз үлесін қосты.


15.04.2016 жылы студенттік көктем апталығы қарсаңында жаратылыстану және география институтында «Мисс ЖГИ-2016» атты қыз сыны өтті. Аталған іс-шараға магистранттар, студенттер және профессор-оқытушылар мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Бұл шараны ұйымдастырушылар студенттік директорат мүшелері Абдуалиева Ж.А., Ораз А.Ә., Аязбек А.С., Жаңбыр М.Ә. және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапов Н.Т.. Сайысқа биология, химия және география мамандықтарының 1 курс арулары қатысты.
Сайысқа ботаника және жалпы биология кафедрасының оқытушы Саимова Р.У. эдвайзерлік тобынан Мәтен Айгерім (5В011300-Биология, 1 курс, 2 топ) қатысып, ІІ орын иегері атанды.

27-28 сәуір аралығында ботаника және жалпы биология кафедрасының ПОҚ-ы өз тәлімгерлік топтарымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. ХХI ғасыр» атты Манифесін талқылады.

  

 

Әр тәрбие жетекшіде өзінің керекті құжаттарымен папкалары бар. Олар: тәрбие жұмысының жылдық жоспары, айлық жоспары, есептері және хаттамалар өткізілген кураторлық сағаттардың, тәрбие жетекшінің журналы т.б.

Әр тәрбие жетекшісі өздерінің топтарында экстремизмге, терроризмге сол сияқты өз уақытысында оқу ақысын төлеулері керектігін және 1 семестрдің қарыздары туралы мәселелерді айтып жиындар өткізді. Кафедраның тәрбие жетекшілері 1-4 курс студенттерімен өздері жауапты топтармен тәрбие жұмыстарын  (тәлімгерлер оқу, санитарлық-гигиеналық,  тұрмыстық мәселелер, ұлттық тәрбие, патриоттық тәрбие, экологиялық, әсемдікке тәрбиелеу, спорттық тәрбие және т.б.) жүргізді.

Әрбір тәлімгер өз жұмыстарының нәтижелері туралы ай сайын кафедра отырысында және деканат алдында есеп беріп отырады. Тәрбие жұмысын бақылау кафедра меңгерушісі С.К. Иманкулова және тәрбие жұмысына жауапты жұмысына жауапты аға оқытушы Р.Ж.Джунусова тараптарынан іске асырылды.

Тәрбие жетекшісінің журналында студент, оның ата-анасы жайлы, телефоны, мекен-жайы, әлеуметтік жағдайы туралы барлық мәліметтер бар.

5В060700 Биология мамандығының 1 курс студенттері «Бүгінгі күнгі жастар тәрбиесі» тақырыбына дөңгелек устел өткізді.

       

            5В011300 Биология мамандығының 1 курс 2 топ студенттері «Тіл тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбына дөңгетәрбие сағатын өткізді.

   

 

5В011300 Биология, 5В060700 Биология мамандықтарының 1 курстың 2 тобы институт деңгейінде «Желтоқсан желі ызғарлы» тақырыбында іс-шара өткізді.

    

 

Факультеттің көптеген түлектері Алматы қаласының мектептерінде жұмыс істейді, білім беру мекемелері жетекшілерінің пікірлері жақсы. Білім беру сапасы мемлекеттік стандартқа, типтік бағдарламаға сай.

Жаңа оқу жылынан бастап биологтарды дайындау химия және биология мамандығы бойынша жүргізіледі, бұл классикалық университет бағдарламасына сәйкес. Ол үшін ұдайы материалды-техникалық базасы жетілдіріп және оқытудың инновациялық әдістері енгізілуде.

Кафедраның ПОҚ университеттің спорттық шараларында белсенді қатысады, университеттің жыл сайын ПОҚ арасында өткізетін «Денсаулық» спартакиадасына кафедра оқытушылары келесідей спорт түрлері: үстел теннисі, шахмат, баскетбол, волейбол, футзал, шаңғы жарысы бойынша қатысты.

 

Ботаника және жалпы биология кафедрасының  № 2 жатақханадағы

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ КЕЗЕКШІЛІК КЕСТЕСІ

 

Ботаника және жалпы биология кафедрасының  тәрбие жетекшілерінің 1-ші жарты жылдықта орындаған тәрбие жұмыстарының есебі 2015/2016 оқу жылы

 

Кафедраның тәрбие жетекшілерінің тізімі


2015/2016 оқу жылының  ботаника және жалпы биология кафедрасының  тәрбие жұмыстарының жоспары