қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
09.10.2023

«Мен жастарға сенемін» ақындар мүшайрасы өтеді

 

2023 жылдың 20 қазанында сағат 15:00-де Абай атындағы ҚазҰПУ-да қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Мен жастарға сенемін» тақырыбында ақындар мүшайрасы өтеді.

 

Шарттары:

Ақындар сайысына қатысушы ақындар 2023 жылдың 15 қазанына дейін (төмендегі поштаға) кемінде екі өлең (еркін тақырыпта) жіберуі тиіс.

Қазылар алқасы жіберілген өлеңдерді іріктеп, қорытындылау кезеңіне сыннан сүрінбей өткен ақындарды қорытынды кезеңге өткізеді.

 

Қорытынды кезеңі университетіміздің бас оқу ғимаратының №225 конференция залында 20 қазан күні сағат 15:00-де өтеді.

 

Мекенжайы: Достық даңғылы, 13.

Пошта: ulttyq_tarbie2022@bk.ru 

Байланыс телефоны: +7 7005868209.