қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
04.10.2023

«Педагогика ғылымы және білім берудің әдістемесі және практикасы» халықаралық дөңгелек үстел өткізіледі

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институты педагогика кафедрасының және қазақстандық танымал ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Хмель Надежда Дмитриевнаның 95 жылдығына арналған «Педагогика ғылымы және білім берудің әдістемесі және практикасы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

 

Дөңгелек үстелдің негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасы жоғары педагогикалық білім берудің даму тарихы, әдістемесі және тәжірибесі; Жоғары педагогикалық білім саласындағы қазіргі шетелдік зерттеулер; Ғылыми мектептер ғылымның даму көрсеткіші ретінде; Қазіргі педагогтарды кәсіби даярлаудағы әдістемелік мәселелер.


Өткізілу форматы: онлайн, оффлайн.

Өтетін уақыты мен орны:
2023 жылғы 3 қараша сағат 10:00-де; Достық даңғылы, 13, 320 аудитория.


Ақпараттық хат