қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
10.02.2016

Республикалық ақындар айтысы өтеді!

Үстіміздегі жылдың 16-17 ақпанында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының концерт залында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына орай І Республикалық студент ақындар айтысы өтеді. Оған еліміздің жоғары оқу орындарынан 20-дан астам студент-ақындар қатысады. Іс-шара халқымыздың төл перзенті Жамбыл ақынның шығармашылығын насихаттау, оның рухани құндылықтарын жас ұрпақ санасына сіңірту, бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Алматы қаласы, Қалдаяқов көшесі, 35.
Басталуы: сағат 13.00

Кіру тегін.