қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
27.10.2023

«Менің Отаным - Қазақстан» қалалық конкурсы

 

2023 жылдың 28 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институтының «Музыкалық білім және хореография» кафедрасында мектеп оқушыларының қатысуымен «Менің Отаным - Қазақстан» қалалық конкурсы өтеді.

 

Аталған іс-шара Республика күнін мерекелеу мақсатында және Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасында сонымен қатар, мектеппен ынтымақтастықты нығайтуға арналған. Конкурсқа «Аспапта ойнау» және «Хор» екі номинация бойынша Алматы қаласының оқушылары қатысады.

 

Қазылар алқасының құрамы: кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері қатысады.


Өтетін орны: Алматы қ., Төле би, 86 көш., акт залы.

 

Күні мен уақыты: 28.10.2023 ж., сағат 10.00 - хор номинациясы; сағат 12.00 - аспапта ойнау номинациясы.