қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
30.10.2023

Мектепке дейінгі білім беру саласы педагогтеріне арналған панельдік дискуссия өтеді


2023 жылдың 31-қазанында Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы «8D01201- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3-курс докторанттарының ұйымдастыруымен «Заттық дамытушы орта - жеке тұлға қалыптастырудың кепілі» атты панельдік дикуссия өтеді.


Іс-шара мақсаты - жоғары оқу орындары арасында байланыс орната отырып, білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету, жас мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру, мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық тәсілдерді қолдану аясында тәжірибе алмасу. Іс-шара қатысушылары - Abai University және ҚазҰҚПУ оқытушылары, докторанттар, магистранттар, студенттер және мектепке дейінгі ұйымның меңгерушілері, әдіскерлері, жас мамандары.