қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
22.02.2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Ақпараттық хат

2016 жылғы 23 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» кафедрасында Кеңес Одағының Батыры, даңқты әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлы атындағы дәрісхананың ашылу салтанаты болады.
Іс-шараның мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күрескен аға ұрпақ өкілдерінің теңдесі жоқ ерлігі мен батырлығын дәріптеу, мәңгі есте сақтау, студенттердің патриоттық, отаншылдық және адамгершілік қасиеттерін қалыптастырыу, Б.Момышұлының қаһармандық бейнесін ашу және оны кейінгі ұрпаққа өнеге ету.
Салтанатқа Батырдың келіні З.Ахметова, немересі Ержан Момышұлы, соғыс ардагерлері қатысады.
Өтетін уақыты: 23.02.2016 ж. сағ. 11.00
Өтетін орыны: Алматы қаласы, М.Горький атындағы Мәдениет және демалыс паркі, «Спартак» стадионы, Абай атындағы ҚазҰПУ Әскери кафедрасы.


Абай атындағы
ҚазҰПУ Баспасөз орталығы.