қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
01.03.2016

Хабарландыру

Сізді Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Тәрбие басқармасы, Филология институты Жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен өтетін «Нар жүгін азаматша арқалаған...» атты 8 Наурыз халықаралық Әйелдер күніне арналған мерекелік шараға шақырамыз.
Кеште ғылым, медицина, өнер және бизнес салаларында жемісті еңбек етіп жүрген қазақ қыздары өздеріңізбен ой бөліседі.
Кеш қонақтары: филология ғылымдарының докторы Жамал Манкеева, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова, ҚР еңбек сіңірген әртісі Лидия Каденова, талантты әнші Жазира Байырбекова, танымал дизайнер Аида Қауменова.
Кездесу 2016 жылғы 2 наурызда сағат 11-де өтеді.
Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 225-конференция залы.


Нар жүгін азаматша арқалаған,
Қиындыққа мойынсұнып, шаршамаған.
Жастарға сыр шертуге ізгіліктен,
Арулар келіп отыр әр саладан.
Сырлы әңгіме өріледі, сеніңіздер,
Ағайын, кешімізге келіңіздер.
Ән тыңдап жаз көңілді Жазирадан,
Жастардың көрінісін көріңіздер!