қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
05.02.2019

Алматыда «Smart Students» орталығы ашылды

 


 

Мұнда стартап жобалар мен креативті ойлардың іске асуына мол мүмкіндік бар. Оқытушылардың айтуынша, белсенді студенттердің еркін пікір алмасып, ой бөлісуіне барлық жағдай жасалған. Мұндай орталықтар көптеп салынса, тәлімгерлердің білімін арттырып, жобаларын жан-жақты талқылауға таптырмас орын болмақ. Бұдан бөлек, жоғары оқу орнында жастарды қолдауға бағытталған медиациялық және психологиялық орталықтар жұмыс істеп тұр.

 

Жанатбек Ішпекбаев, Абай атындағы ҚАЗҰПУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры:

 

- Студенттердің ғылыми, ақпараттық технология бағытындағы жобалары іске аспақ. Сол жобаларды біз университет басшылығы атынан қолдауға дайынбыз.

 

 

Авторы: Руслан Қосанов

05.02.2019 ж.

Ақпарат көзі: kaztrk.kz