қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.02.2019

«Шын жүректен» қайырымдылық акциясы


2019 жылдың 7 ақпанында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» декадасының аясында «Мейірім» клубы Алматы қаласының «ЕРЗИ» әлеуметтік-реабилитациалық орталығында мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандар үшін «Шын жүректен» тақырыбында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.


Акцияға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Даулен Идрисов, «Мейірім» еріктілер клубының жетекшісі Гулбахира Ширинбаева және «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының ерікті студенттері қатысты.


Шараның негізгі мақсаты - мүгедек жандарды әлеуметтік-педагогикалық қолдау, әлеуметтендіру үдерісінің тиімділігін көтеру, кешенді түзету жаттығулар көмегімен психофизикалық мүмкіндіктеріне қарай эмоционалды қажеттіліктерін қанағаттандыру.


Студенттердің әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет аясында қатысушылар арасында танысу және сенімдік қарым-қатынас үлгісін қалыптастыруға арналған мүгедек жандар үшін жеке маңызды әлеуметтік дағдылардың қарым-қатынас тренингтерін өткізді.

 

Залда мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке тұлғалық ресурстарын ашуға (өзін-өзі танудан өзін-өзі ашуға) бағытталған «Шын жүректен» сахналық көрініс пен дидактикалық дамыту ойындары бойынша шығармашылық алаңы ұйымдастырылды.

 

Рефлексиялық талдау кезеңінде шараға қатысушылар жалпы шығармашылық іс-әрекетті құру үдерісіндегі бастан өткізген сезімдерімен бөлісті. Барлық ерікті студенттердің әлеуметтік бағдарланған міндеттері, жылы достық, сүйіспеншілік атмосферасында өтті.

 

Шара аяқталғаннан соң ерікті студенттер «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» декада аясында қойылған мақсаттардың топтық әлеуметтік-педагогикалық жұмыс тиімділігіне жалпы талдау жасады.

 

Мүмкіндігі шектеулі жас адамдар: жаңа достар мен қарым-қатынас ортасын тапты, өзі-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін сезінді, өздерінің шығармашылық қабілеттерін ашты.

 

Ерікті-студенттер: олардың әлеуметтік-педагогикалық көмегі мен қолдауына зәру, жағымды әлеуметтік өзара байланыс дағдыларын үйренді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Мейірім» еріктілер клубы