қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
23.02.2024

Бос лауазымға үміткерлерді іріктеуге өтінім

 

Бос лауазымның атауы:

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің Жастар шығармашылығы бөлімінің бас маманы

Құрылымдық бөлімнің негізгі функционалдық міндеттері:

Қоғам студенттерімен мәдени-бұқаралық, спорттық-сауықтыру және тәрбие жұмысының жылдық жоспарларын әзірлеу, олардың орындалуын қамтамасыз ету;

Мәдени-бұқаралық жұмысты жақсарту, патриоттық тәрбие, құқық бұзушылықтардың және экстремизмнің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, толеранттылық пен ұлтаралық келісімге тәрбиелеу бойынша түрлі іс-шаралар өткізу;

Тәрбие, әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың озық әдістері мен нысандарын практикаға енгізу;

Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын дамыту және насихаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

Тәрбие, әлеуметтік жұмыс мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар дайындау және жариялау;

Департаментке жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты Қоғамның тиісті құрылымдық бөлімшелерінен сұрату және алуға;

Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлерді олардың басшыларының келісімімен нормативтік актілер мен басқа да құжаттардың жобаларын дайындау үшін, сондай-ақ Департаментте жүргізілетін іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін тартуға;

Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ҚР Ғылым және жоғары білім Министрлігіне ұсыныстар мен есептер дайындау үшін белгіленген тәртіппен жұмыс топтарын құруға;

Қоғам басшылығының Департамент қызметіне қатысты шешімдерінің жобаларымен танысуға;

Қызметті үйлестіру үшін республикалық, қалалық және қоғамдық жастар ұйымдарымен және бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;

Студент жастармен жұмыс бойынша ЖОО аралық бірлестіктер ұйымдастыратын іс-шараларға қатысуға;

Негізгі қызметтік міндеттері

Жоғары кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының, ҚР МЖБС талаптарына сәйкес оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша Қоғамның қызметіне қатысады.

Департамент қызметіне қатысты Басқарма Төрағасы - Қоғам Ректорының бұйрықтарын орындайды.

Департамент жұмысының перспективалық және жылдық жоспарларының жобаларын әзірлейді және оларды Қоғам басшылығына ұсынады.

Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ Департамент қызметкерлері орындаған жұмыстардың сапасын бақылайды.

Департамент жұмысының тиімділігін арттыруды, қызметкерлерді оңтайлы орналастыруды қамтамасыз етеді, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру бойынша шаралар қабылдайды, Департамент басшылығының алдына қойылған тапсырмаларды орындайды.

Департамент қызметінің бағыттары бойынша түрлі тұжырымдамалардың, бағдарламалардың жобаларын әзірлеуге

Қажетті құжаттаманы әзірлеуге қатысады.

Департаменттің бекітілген істері мен клатурасына сәйкес іс жүргізу және құжаттану, нормативтік талаптардың сақталуын, құжаттаманың жиынтығы мен сапалыр есімделуін, оны келісудің белгіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін енгізу бойынша жұмысқа қатысады.

Департамент жұмысының бейіні бойынша қызметкерлердің Қоғам басшылығы ұйымдастыратын іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді.

Өз міндеттерін орындау кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

Тәрбие және әлеуметтік жұмыстарға қатысты мәселелер бойынша ақпаратты дайындайды және Қоғам басшылығына, жоғары тұрған ұйымдарға ұсынады.

Қоғам басшылығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының, мүдделер қақтығысын шешу саясатының әлеуетті немесе орыналған бұзушылықтары және Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі басқа да ішкі нормативтік құжаттарының талаптары туралы хабардар ету жөніндегі саясатты қолдайды.

Іс-сапарларға шығу:

Сапарға дайын

Білімі:

Жоғары білімнен кем емес

Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, бағыты, т.б.)

Жоғары оқу орындарында немесе басқа да білім беру ұйымдарында ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі кемінде 1-3 жыл.

Кәсіби құзыреттер:

Жұмысты ұйымдастыру, жоспарлау, шешім қабылдау қабілеті;

Әртүрлі нюанстар мен бөлшектерге назар аудару;

Икемді болу мүмкіндігі;

Жобаны басқару дағдылары;

Іскерлік көшбасшылық.

Жеке құзыреттер мен қасиеттер:

Мақсаттылық;

Еңбексүйгіштік;

Ұйымдастырушылық қабілеттер;

Жаңа білім мен ізденіске ие болу.

Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу (үміткер білуі тиіс тілдердің тізімі)

Қазақ тілі, орыс тілі

Компьютерлік дағдылар:

MS Office пакетін пайдаланушы (Access, Excel, Power Point, Word, WordPad)

Түйінде мені қабылдау мерзімі:

2024 жылғы 29 ақпанға дейін

Байланыс тағы тұлға:

HRTeam@abaiuniversity.edu.kz

Узакбаева Назгул Жауынгеровна

Байланыс телефон: 291-82-57