қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
28.02.2024

Білім берудегі инновациялық педагогикалық технологияларды дамыту тақырыбында конференция өтеді

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының Педагогика кафедрасы Алматы облысы Білім басқармасының Іле ауданының білім бөлімі «№ 35 орта мектеп» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп «Заманауи білім беруді жетілдіру құралы ретінде инновациялық педагогикалық технологиялардың даму тенденциялары» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

 

Конференция мақсаты - тәжірибе алмасу, ғылыми-зерттеу нәтижелерін ұсыну және тиімді оқуға және заманауи студенттің қажеттіліктеріне бейімделуге ықпал ететін білім беру тәжірибесін одан әрі дамыту перспективаларын құру.

 

Жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушылары, мектеп мұғалімдері, докторанттар мен магистранттар шақырылады!

 

 

Күні мен уақыты: 2024 жылдың 1 наурызы, сағат 10.00-де

 

Өтетін орны: Алматы облысы, Іле ауданы, Жаңаарна ауылы, Талқанбай көшесі, 7, «№ 35 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі

 

Өткізу формасы: offline/online