қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
03.04.2024

«Абай» стипендиялық бағдарламасына құжат қабылдау басталады

 

Үміткерлерді анықтау екі кезеңнен тұрады.

 

І-кезең

2023-2024 оқу жылында 2-4 курстың мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) бағаға оқитын студенттері «Абай» стипендиясының иегері атана алады және ол бір академиялық кезеңге беріледі.

Президенттік шәкіртақы алатын студенттер «Абай» стипендиясының конкурсына қатыса алмайды.

Үміткерлер Сорбонна-Қазақстан институтының директораты мен факультеттер деканаттарына келесі құжаттарды ұсынулары қажет:

- университеттің Басқарма төрағасы - ректордың атына өтініш.
- Транскрипт.
- Жетістіктерін растайтын құжаттар көшірмелері (дипломдар, грамоталар, сертификаттар, куәліктер).
- Жеке куәліктің көшірмесі.
«Абай» стипендиясын алуға үміткерлердің құжаттарын қабылдау 2024 жылғы 8 сәуірге дейін жалғасады.

 

ІІ-кезең

ІІ-ші кезеңде құжаттары сәйкес келетін тұлғалар «Ғылым декадасы» аясында өздерінің зерттеу жұмыстары бойынша баяндама жасап, жүлделі орынды алуға міндетті.

Осы екі кезең қорытындысы бойынша әрбір институт / факультеттерден берілетін квотаға сәйкес жеңімпаздар анықталады.

 

«Абай» стипендиясын жеңіп алған студенттерге ай сайын 100 000 (жүз мың) теңге көлемінде стипендия беріледі.

 

Үміткерлерді іріктеуді тәуелсіз комиссия жүргізеді. Конкурс нәтижелері 2024 жылдың сәуір айында университет сайтында жарияланады.

 


Академиялық мәселелер жөніндегі департамент