қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
19.02.2019

Алматыда Оразалы Досбосынов атындағы айтыс ақындар орталығы ашылды

 



Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аталған орталықтың салтанатты ашылуы болды.

 

Дәрісханада жас ақындар айтыс өнеріне қатысты сабақтар алып, өз өнерлерін шыңдамақ.

 

"Ауызша авторлық поэзия мен жазба әдебиеттің тұтас құбылысы осы жерде сарапталып, студенттердің дайындық деңгейлері негізгі сабақ түрінде талқыланып отырады. Сондай-ақ әдеби ізденістерге қатысты қандай ғылыми жетістіктер болып жатыр, соның бәрі орталықта талқыланып отырады. Дәрістер өткізіліп, әдеби-танымдық шаралар өткізіліп отырады", - дейді профессор Темірхан Тебегенов.

 

Ақын Оразалы Досбосынов білім алған бұл білім ордасы биыл 90-жылдық мерейтойын атап өтуде.

 

Орталықтың ашылуы еліміздің жас ақындарының айтысымен жалғасуда.

 

Оған 50-ден аса студент қатысуда, бүгін іріктеуден өткен ақындар ертең жүлделі орындарға таласпақ.

 

 

19.02.2019 ж.

Ақпарат көзі: baq.kz