қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
22.04.2024

2024-2025 оқу жылына Абай университетінің студенттерін жатақханаға орналастыру бойынша онлайн құжат тапсыру басталды


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2024-2025 оқу жылына арналған 1-3 курс студенттерін жатақханаға орналастыру бойынша онлайн құжат тапсыру басталды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерін 2024-2025 оқу жылына жатақханаға орналастыру алгоритмі:

 

2024 жылғы 19 сәуір - 10 мамыр аралығында жоғарғы курс студенттерінен жатақханаға орналасуға онлайн өтініштерді қабылдау;
2024 жылғы 10 мамыр - 12 мамыр аралығында қабылданған өтінімдерді қарастыру, жатақханадан орындарды бөлу жөніндегі Арнайы комиссияның отырысы;
2024 жылғы 12 мамыр - 20 мамыр аралығында Арнайы комиссия шешіміне сәйкес жатақханаға орналасуға жолдама алған студенттер тізімін университеттің ресми сайты мен әлеуметтік желілерде жариялау;
2024 жылғы 10-25 тамыз аралығында студенттерден жатақханаға орналасуға онлайн өтініштерді қабылдау;
2024 жылғы 25-27 тамыз аралығында қабылданған өтінімдерді қарастыру, жатақханадан орындарды бөлу жөніндегі Арнайы комиссияның отырысы;
2024 жылғы 28 тамыз Арнайы комиссия шешіміне сәйкес жатақханаға орналасуға жолдама алған студенттер тізімін университеттің ресми сайты мен әлеуметтік желілерде жариялау;
2024 жылғы 28-30 тамыз аралығында тізім бойынша студенттерді жатақханаға орналастыру.


Жалпы университеттің әкімшілік қарамағында 5 жатақханадағы орындардың жалпы саны 2126 төсек орынды құрайды. Олар:

 

№1 жатақхана - Төле би көшесі, 35 мекенжайында орналасқан. Сыйымдылығы - 280 орын;
№2 жатақхана - Қонаев көшесі, 82 мекенжайында орналасқан. Сыйымдылығы - 266 орын;
№3 жатақхана - Қазыбек би көшесі, 34 мекенжайында орналасқан. Сыйымдылығы - 256 орын;
№5 жатақхана - Абай даңғылы, 56В мекенжайында орналасқан. Сыйымдылығы - 624 орын;
№8 жатақхана - Ш. Уәлиханов көшесі, 61 мекенжайында орналасқан. Сыйымдылығы - 700 орын.


Жалдамалы жатақханалардағы орындардың жалпы саны 2500 орынды құрайды.

 

Студенттер мен ата-аналар арасында жатақханаға орналасу бойынша келеңсіз жағдайлар орын алмауы үшін 2024 жылдың 1 маусымы - 10 қыркүйек аралығында Қазыбек би көшесі, 30/1 мекенжайындағы Abai Student Center коворкингте «Ахуалдық орталық» қызметке қосылады. Ахуалдық орталықта университет қызметкерлері студенттер мен ата-аналарға кеңес беру қызметін атқарады. Сонымен қатар, өтініштерді қарастыру сұрақтары бойынша жедел желі іске қосылатын болады.

 

«Ахуалдық орталық» және жатақханалар 2024 жылдың 28-30 тамыз аралығында тәулік бойы жұмыс істейді.

 

Байланыс деректері: +7 700 381 7176 Қайнар Маликов; +7 700 586 8209 Айгерім Нұрмұханбетова

 


Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент