қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
10.12.2024

А.Т. Бекмұраттың докторлық диссертациясын талқылау бойынша «Арнайы педагогика» кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді


2024 жылғы 25 желтоқсанда сағат 14.30-де Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультетінің «Арнайы педагогика» кафедрасының кеңейтілген отырысында Бекмұрат Айдос Тамдыбекұлының «8D01901 - Арнайы педагогика мамандарын даярлау» мамандығы бойынша «Мектеп жасына дейінгі аутизмі бар балалармен сөйлеудің лексикалық және семантикалық жағын дамытудағы АВА терапиясы» тақырыбындағы философия докторы (РhD) дәрежесін алуға ұсынылған диссертациялық жұмысы талқыланатын болады.


Кафедраның кеңейтілген отырысы оффлайн және онлайн форматта өтеді.


Диссертация Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде орындалды. Қорғау тілі - қазақша.


ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:

Аутаева Ақбота Нұрсұлтановна - психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

Кулеша Ева Мария - психология ғылымдардың докторы, профессор. Мария Гжегожевская атындағы арнайы педагогика академиясы (Варшава қ., Польша).


РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Абаева Галия Аскербековна - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан);

Оразаева Гульжан Серикқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).

 

Zoom: https://zoom.us/j/93689291697?pwd=3K6aMmR46bo4xf4WiC2mKBucZGlSVI.1

ID: 936 8929 1697

Құпия сөз: 1234

Мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 31, Педагогика және психология институты, №17 кабинет.