қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.03.2019

«Қытайдан Адриатқа дейін» Халықаралық конгресі мен «Наурыз» саммиті


20-25 наурыз аралығында Анталияда (Түркия) IKSAD - Экономикалық даму және әлеуметтік зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «Қытайдан Адриатқа дейін» IX Халықаралық конгресс және «Наурыз» саммиті өтті. Осы іс-шараларға Өнер, мәдениет және спорт институтының «Көркем білім» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистры Базар Ырыстанұлының «Қытайдағы түркі ескерткіштерінің тарихи құндылығы және көркемдік ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми мақаласы қабылданып, арнайы шақырту келді.


Университеттің ректоры Такир Балықбаевтың және Өнер, мәдениет және спорт институты басшылығының қолдауымен оқытушы Базар Ырстанұлы жоғарыда аталған конгресске мәдениет пен өнер саласындағы білім деңгейін кеңейту және тәжірибе алмасу мақсатында жіберілді.


«Кытайдағы түркі ескерткіштерінің тарихи құндылығы және көркемдік ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми мақаласында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ережелеріне сәйкес, қазақтың дәстүрлі сәндік қолөнеріндегі мәдени айшықты көріністердің жас ұрпаққа берерін және қосар үлесін сабақтастыра отырып, Түркілерден бізге жеткен бейнелеу өнерінен басталатындығын конгреске келген ғалымдар мен жас зерттеушілерге нақтылып көрсетіп, баяндама жасап берді. Осы іс-сапарда ғылыми біліктілігін шыңдай отырып, тәжірибе алмастырып, жақсы нәтижеге қол жеткізе білді.

 

   

 

   

 

Көркем білім беру кафедрасы