![]()
22.01.2025 Педагогтік қайта даярлау бағдарламасы (PGCE) Кадрларды қайта даярлау бағдарламалары кәсіптік қызметтің жаңа түрін орындау үшін қажетті ғылымның, техника мен технологияның жекелеген пәндерін, бөлімдерін зерделеуді көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша қосымша білімді, іскерлікті және дағдыларды игеруге бағытталған.
Курстарды педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар үшін жоғары оқу орны жүргізеді.
2. 6В01702 Орыс тілі мен әдебиеті 3. 6В01703 Шет тілі: екі шет тілі 4. 6В01705 Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті 5. 6В01402 Музыкалық білім 6. 6В0l 4l6 Көркем білім 7. 6В01420 Еңбек және кәсіпкерлік негіздері 8. 6В01401 Бастапқы әскери дайындық 9. 6В01404 Дене шынықтыру және спорт 10. 6В01501 Математика 11. 6В01504 Физика 12. 6В01507 Информатика 13. 6В01510 Химия 14. 6В01513 Биология 15. 6В01515 География 16. 6В0l 601 Тарих 17. 6В01901 Арнайы педагогика: Сурдопедагогика 18. 6В01902 Арнайы педагогика: Логопедия 19. 6В01903 Арнайы педагогика: Олигофренопедагогика 20. 6В01904 Арнайы педагогика: Тифлопедагогика
Бағдарлама тек мамандардың қажеттіліктеріне және педагогтік дағдылардың қарқынды тәжірибесіне бағытталған. Сабақтар ҚБТ (қашықтықтан білім беру технологиялары) қолдану арқылы өткізіледі. Педагогтік қайта даярлау курстарын аяқтағаннан кейін тыңдаушыларға өткен пәндерді көрсете отырып, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өз үлгісіндегі сертификаты беріледі.
Кредиттер саны - 60 ECTS (1800 академиялық сағат). Құжаттар 2025 жылғы 15 сәуірден 15 тамызға дейін төмендегі мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Қазыбек би к-сі, 30, каб. № 205. Байланыс телефоны: 8 (727) 293-03-87.
2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3. білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (диплом қосымшасымен); 4. өлшемі 3х4 см болатын 6 фотосурет; 5. 075/У нысанындағы медициналық анықтама; 6. Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден анықтамалар. |