![]()
11.02.2025 «Педагог - көпмәдениетті әлемде» II халықаралық комикстер байқауы өтеді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Бастауыш білім беру кафедрасы Сіздерді «Мұғалім – көпмәдениетті әлемде» атты II халықаралық комикстер байқауына қатысуға шақырады.
Байқаудың мақсаты – студенттерді түпнұсқа комикстер жасауға ынталандыру, педагогикалық мамандықтардың дарынды, шығармашыл студенттерін анықтау, сондай-ақ 2030 ТДБ қол жеткізу үшін Қазақстанның білім беру жүйесінде ТДМ-ны насихаттау және тарату.
Комикстер байқауы белгіленген мерзімде өткізіледі: материалдарды қабылдаудың басталуы – 2025 жылғы 17 ақпан, материалдарды қабылдаудың аяқталуы – 2025 жылғы 17 сәуір. Конкурсқа белгіленген мерзімдерден кеш ұсынылған материалдар қарауға қабылданбайды.
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі: • «Үздік білім беру комиксі»: оқушыларды жақсы оқытатын және шабыттандыратын комикстер. • «Ең креативті Оқу материалы»: комикстер арқылы оқытудың ең ерекше және инновациялық тәсілі үшін номинация. • «Сыныптағы батыр» балаларды шабыттандыратын басты кейіпкер ретінде тәрбиеші болатын комикстер. • «Бастауыш мектеп пәндері бойынша үздік комикс» әр түрлі оқу пәндеріне бағытталған комикстерге арнайы жеке номинациясы. • «Үздік дизайндағы Комикс» көрнекі тартымдылығы мен безендірудің көркемділігі үшін номинация. • «Интерактивті комикс» тапсырмалар немесе викториналар сияқты интерактивті элементтерді қамтитын комикстер үшін. • «Әлеуметтік дағдыларды дамытуға арналған ең жақсы комикс» балалардағы эмоционалды интеллект пен әлеуметтік дағдыларды дамытуға ықпал ететін комикстер номинациясы. • «Шабыттандыратын оқиға» ең ынталандыратын және шабыттандыратын тарихы бар комикстер. • «Жаңашыл Комикс» оқытудың және оқушылармен өзара әрекеттесудің инновациялық әдістерін көрсететін комикстер. • «Жасанды интеллект көмегімен жасалған үздік комикс» – MidJourney, DALL•E немесе ChatGPT сияқты генеративті жасанды интеллект құралдары арқылы жасалған комикстерге арналған номинация. • «Жасанды интеллект және педагогика» – жасанды интеллекттің мұғалімдерге көмектесуі, білім беру әдістерін жетілдіруі және оқушылармен өзара әрекеттесуі туралы комикстер.
Конкурсты ұйымдастыруға және өткізуге жауапты: п.ғ.к., қауымдастырылған профессор, постдокторант Кариев Адлет Дюсембаевич, +7 747-064-34-15.
|